Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, туризм, инвестиция салаларын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестың дамуы. Бүгінгі таңда облысымызда осындай 177 мың 709 субъекті бар. Олардың ішінде 92 мың 640 - түрлі саладардағы жеке кәсіпкерлер. Бұл - сауда-саттық, денсаулық сақтау, көлік, логистика, өндіріс салалары.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 03.10.2017, 09:00
- 03.10.2017, 19:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Орманов Талгат 03.10.2017, Сұрақ нөмірі: 7317
Қадірменді Жансейіт Қансейітұлы! Көптеген инвесторлар қаржы құйған жобаларына жұмысшы топты өздерімен бірге алып келіп жатады. Олар жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға міндеттеле ме?
Түркістан облысы 03.10.2017
Құрметті Талғат Орманов! Шетелдік инвесторлардың өзімен бірге жұмысшы тобын алып келуі үрдісі бар. Дегенмен, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі және ол заңмен реттеледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығына сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту тәртібі мен шарттары» реттеледі. Осыған сәйкес, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленген: 1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары; 2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер; 3) үшінші санат – үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар; 4) төртінші санат – жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар. Жергілікті атқарушы органда мынадай шарттар белгіленген: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады. Осыдан отандық жұмыскерлерге айтарлықтай үлкен басымдық беріліп отырғандығын байқауға болады.