Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, туризм, инвестиция салаларын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестың дамуы. Бүгінгі таңда облысымызда осындай 177 мың 709 субъекті бар. Олардың ішінде 92 мың 640 - түрлі саладардағы жеке кәсіпкерлер. Бұл - сауда-саттық, денсаулық сақтау, көлік, логистика, өндіріс салалары.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 03.10.2017, 09:00
- 03.10.2017, 19:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Шындалы Ғалымжан 03.10.2017, Сұрақ нөмірі: 7320
Облысымызға қытайлық кәсіпкерлер келді. Қандай қызық жобалар ұсынылды?
Түркістан облысы 03.10.2017
Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынан 200 МВт-тық энергия өндіретін күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Жобаны жүзеге асыруға қажетті 300 гектар жер телімін бөліп, барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін болып келісілді. Сондай-ақ екіжақты келісімге сәйкес станцияны «Күннұры» деп атау ұйғарылды. Бүгінде Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – жасыл экономика. Яғни болашақтың энергиясын іздеу және баламалы көздерін табу әрі пайдалану болып отыр. Осыған орай сіздердің ұсыныстарыңызды толық қолдаймын. Қажетті жер телімі бөлініп, инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін боламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының шамамен 300 күні бұлтсыз болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға өте тиімді. Бүгінде облыстың экономикалық даму қарқыны жоғары, аймақта өндіріс орындары көптеп ашылып, инновациялық бағдарламалар жүзге асырылып жатыр. Осының барлығы электр энергиясына деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Энергетикалық қауіпсіздік ең алдымен энергетикалық тәуелсіздікке байланысты екенін ескерсек, Оңтүстік өңірінде баламалы энергетика нысандарын салу аса маңызды болып отыр.