Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, туризм, инвестиция салаларын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнестың дамуы. Бүгінгі таңда облысымызда осындай 177 мың 709 субъекті бар. Олардың ішінде 92 мың 640 - түрлі саладардағы жеке кәсіпкерлер. Бұл - сауда-саттық, денсаулық сақтау, көлік, логистика, өндіріс салалары.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 03.10.2017, 09:00
- 03.10.2017, 19:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Орманов Жайык 03.10.2017, Сұрақ нөмірі: 7321
Инвесторларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Түркістан облысы 03.10.2017
Инвестор кедендік баж салығынан босатылады. Мысалы, технологиялық жабдықтар мен оған қажетті құралдарды 5 жылдан аспайтын мерзімге импорттаса. Қосымша технологиялық жабдыққа қажет қосалқы бөлшектерді, шикізат пен материалдарды импорттаса. Бұған қосымша салық бойынша жеңілдіктер ұсынылуы мүмкін. Және бұлардың барлығына қосымша құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен нақты шығынның 30 пайызына дейін өтелетін инвестициялық субсидия да қарастырылады.