«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Абдикулова Ляззат 03.10.2017, 15:38, Сұрақ нөмірі: 7326
Қазір теледидарда, газеттерде «Рухани жаңғыру» деп көп айтылып жатыр. Бұл қандай ұғым, мақсаты не, жалпы түсінік берсеңіздер?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:48
«Рухани Жаңғыру» - барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» дей келе Ұлт көшбасшысы өзгеру үшін заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміздің қажеттігін алға мақсат етіп қояды. Жаңғырудың ең басты шарты ретінде ұлттық кодты сақтай білу екенін қадап айтады. Осындай жолмен рухани жаңғыруды жүзеге асырсақ қана өзіміздің ұлттық болмысымызды, мәдениетіміздің жаңаша тұрпатын қалыптастыра аламыз. Ең басты мәселе - сананы жаңғырту. Бұл жойылып бара жатқан ұлттық қасиеттерімізден мүлдем арылу деген сөз емес, керісінше халқымыздың дәстүрлі әдет-ғұрпы мен салт-санасын ортамызға оралтып, ұрпақ тәрбиесінде жөнімен пайдалану дегенді білдірсе керек. Қоғам да, адам да мәңгі бақи даму үстінде келеді, солай бола да бермек. Демек, біз де уақыт талабына сай рухымызды биіктетіп, санамызды жаңғыртып тұруымыз керек. Қысқаша айтқанда, Қазақстан азаматтарының мінез-құлқын, ұстанымын заманауи тұрғыға шығару, жаңа менталитет қалыптастыру болып табылады.