«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Абдикулова Ляззат 03.10.2017, 15:39, Сұрақ нөмірі: 7327
Қазір барлығымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы айтуға, жазуға құштармыз. Бірақ нақты жүзеге асыру тетіктерін көбіміз біле бермейміз десек болады. Осы орайда сіздер бағдарламаны жүзеге асыратын қандай бағытты ұстанып отырсыздар?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:49
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бір күнде, бір жылда ғана туған бағдарлама емес. 25 жылда қалыптасқан халықтың ой-санасын өзгерту, бүкіл әлемдегі өзгерістерге, Елбасы Жолдауында айтылған талаптарға сай болуымыз үшін жаңғыру керек. Ол өзгерістің негізі - осы өздеріңіз көріп отырған мемлекеттік бағдарламалар болмақ. Біздің басты көздегеніміз - әр саладағы қатып қалған стандарттық ұстанымдарды, көзқарастарды өзгерту. Соның негізінде «Жобалық менеджментті» қолға алдық. Бұның өзі негізгі үш ұстанымнан тұрады. Бірінші – нақты мақсат қою. Әр саланы, әр ұйымды, әр мекемені, тіпті қарапайым жеке адамнан бастап, бүкіл мемлекеттік деңгейге дейін бір жоба деп қарастыруға болады. Бұл - нақты мақсатқа жетуге жол ашады. Ал, екінші ұстаным ол – жауапкершілік. Егер сіздің мақсатыңыз айқын болмаса жауапкершілігіңіз де болмайды. Біздің мақсатымыз анық болғанда ғана өзгелерге жауапкершілік жүктей аламыз. Үшінші ұстаным – бастаған ісіңді күнделікті тірлігіңе айналдыру. Мойныңа алған жауапкершілігің қаншалықты ауыр болса да, айқын мақсатқа жету жолында әр күнде атқарар жұмысыңды бөліп, көздеген биігіңді бағындыруға болады. Осы үш ұстанымды ұстана отырып біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолын бастадық. Жалпы алғанда 6 басымдықты жобалық менеджмент арқылы тарқата отырып, түсіндіру, ұғындыру, санаға сіңіру болып табылады. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы басымдықтары. Бағдарлама жалпы 6 арнайы бағыттан тұрады. Олар: 1) «Туған жер»; 2) «Қазақстанның киелі жерлері»; 3) «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде»; 4) «Қазақстандағы 100 жаңа есім»; 5) «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», 6) «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі». Жаңа тұрпаттағы жаңғыртудың ең басты шарттарын ел ішінде жан-жақты насихаттап, жұртшылық санасына сіңірудің жаңа әдісі қарастырылған. Облыс әкімінің өкімімен өңірлік жобалық кеңсе, сарапшылар кеңесі құрылып, жұмыс жүргізуде. Жобалық кеңсе М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ғимаратында орналасқан. Жалпы, бүгінгі таңға облысымызда 687 түрлі жоспарлы іс-шаралар жүргізілді және 109 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасында – 64 жоба; «Атамекен» кіші бағдарламасында - 10 жоба; «Рухани қазына» кіші бағдарламасында - 33 жоба; «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасында - 2 жоба. Жобаларды жүзеге асыруға 2022 жылға дейін бюджеттен 16,2 млрд.теңгені бөлу жоспарланып отыр.