«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Ташфулатова Гульжан 03.10.2017, 15:40, Сұрақ нөмірі: 7328
Көп кәсіпкерлер өз туған ауылдарына, оқыған мектептеріне мүмкіншілікке қарай демушілік жасап жүр. Осы бағыттағы жұмыстарды біріктіріп, жүйелендіретін арнайы жобалар бар ма?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:50
«Туған жер» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы осы бағыттағы жоба болып табылады. «Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мәдениеті мен дәстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Облыстан шыққан 205 тұлғаның қатысуымен "Туған жерді түлету – перзенттік парыз" іс-шарасы өткізілді. Бүгінгі күнге кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жалпы 8 млрд. 834 млн. теңгені құрайтын 389 өңірлік жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер тарапынан Шымкент қаласында 280 млн. теңгеге 260 орындық коррекциялық бала-бақша құрылысы, Отырар ауданында құны 80,0 млн. теңгеге музей құрылысы, құны 250 млн. теңгеге балалар сауықтыру лагері құрылысы, Төлеби ауданында құны 100,0 млн. теңгеге елдімекен көшелерін абаттандыру жұмыстары жүзеге асуда. Жоғарыда аталғандар, бұл бағыттағы жұмыстардың бір-екі ғана мысалы екендігін атап өтеміз.