«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Ташфулатова Гульжан 03.10.2017, 15:41, Сұрақ нөмірі: 7329
Бағдарламада елдімекендерді ретке келтіру, көріктендіру мәселелері қарастырылған ба?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:50
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Ажарлы үй - ырысты» жобасы аясында аудан, қалаларда 120-дан астам белсенді ерікті жастар елдімекендерді абаттандыру мақсатында көмекке зәру 543 отбасының аулаларын тазалап, қоршауларын, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты. «Таза елді мекен», «Таза аула», «Таза үй», «Таза көше» номинациялары бойынша байқау жарияланып, қазан айында жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Осылайша таза, көрікті үйдің ырысы мол болады деген ұстаныммен облыстағы 720 мыңнан астам жылжымайтын мүліктің келбетін жақсартуға үлес қосуды мақсат тұтып отырмыз.