«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Ташфулатова Гульжан 03.10.2017, 15:41, Сұрақ нөмірі: 7330
Қазір елдің бәрі латын әліпбиіне көшуді айтып жүр, талқылап жатыр. Жалпы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен ерекшелігі не? Қандай артықшылықтар бар?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:50
Әлем дамуындағы қазіргі тенденциялар тілге назар аударуды ерекше талап етеді. Күннен-күнге өзгеріп жатқан дүниенің қарқынына ілесе алмаған жағдайда ол оның жоғалуына әкелуі мүмкін. Ғаламшарымыздың ғылыми әрі технологиялық дамуы адамдардың тілдік әрі сандық қарым-қатынасына қиындық тудыратындай дәрежеде терминологияның кеңеюіне әкеліп отыр. Сондықтан, қазақ тілінің де әлем халықтарының 75 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшіп, жаңартылатын уақыты жетті. Бұл бір жағынан қазақ грамматикасы мен лексикасының кемелденуіне әкелсе, екінші жағынан еліміздің сандық, ғылыми, мәдени әлемдік ақпарат кеңістігіне шығуын жылдамдатады. Латын әліпбиіне көшу бойынша облыста іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, бекітілді. Желілік кестеге сәйкес облысымыздың барлық елдімекендерінде кездесулер өткізілуде. Ағымдағы жылғы 13 қыркүйек күні облыс әкімінің төрағалығымен зиялы қауым, түрколог-ғалымдар, тіл мамандары және БАҚ өкілдері қатысып, латын әліпбиіне көшу мәселелері кеңінен талқыланды. Жалпы өңір тұрғындары латын әліпбиіне көшуді толығымен қолдап отыр. Латын әліпбиіне көшу біздің сөйлеу мәдениетімізге, ойымызды жеткізуге еш кедергі келтірмейді, тек таңба ретінде пайдаланылады.