«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Шындалы Ғалымжан 03.10.2017, 15:43, Сұрақ нөмірі: 7331
Түркістан қаласы Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген ба? Жалпы киелі жерлерді насихаттау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:51
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын» жасау бағытында облыста 38 макро, 66 микро киелі орынның тізімі жасақталды. 17 макро киелі орын республикалық маңызы бар тізімге енгізіліп отыр. Оның ішінде Түркістан қаласынан Қ.А.Ясауи кесенесі, Сауран қалашығы енгізілген. Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр. Қ.А.Яссауи кесенесіне отандық және шетел туристерінің үлкен ағымына байланысты және ежелгі тарихты визуализациялау үшін кесенеде жерленген тарихи тұлғаларға арналған құлпытастар қойсақ деген жоспарымыз бар. Сонымен қатар, киелі Ордабасы тауын мәдени-тарихи нысанға айналдыру жобасы әзірленуде. Жоба аясында қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарының туристік инфрақұрылымын қалыптастыру қарастырылған. Ежелгі Отырар мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын жолдың құрылысы жоспарлануда. Оны ұлттық қолөнершілеріміздің тұрақты қолданыстағы шеберханасы ретінде безендіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазығұрт тауы» жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Әрине, бұл жобалардың барлығы «Қасиетті Қазақстан» орталығымен бірлесе жүзеге асырылатын болады. Бүгінде барлық аудан, қалаларда 1-3 күндік туристік маршруттар белгіленіп, 84 тарихи-мәдени, табиғат нысандарына саяхаттар ұйымдастырылуда. Туристік маршрутқа Отырар қалашығы, Арыстан баб кесенесі, Сауран, Қ.А.Ясауи кесенесі, Әзірет Сұлтан кешені, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Ақмешіт үңгірі және т.б. негізгі нысандар енгізілген. Облыстағы ерекше маңызы бар тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық ескерткіштер туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) фотоальбом әзірленуде. ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралары тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы тұңғыш рет деректі фильмнің түсірілімі басталды. Басты мақсат – киелі, қасиетті орындар арқылы рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.