«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Утенов Максат 03.10.2017, 15:46, Сұрақ нөмірі: 7332
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ерекше қандай жобаларды атайсыздар?
Түркістан облысы 03.October.2017, 15:51
Дана халқымызда: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Жас бүлдіршіндерімізге еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және батыр бабаларымызды насихаттап, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Қазақ елі» және «Күш атасы - Қажымұқан» анимациялық фильмдері түсірілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғында «Ежелгі Жетіген құпиялары» атты 13-сериялық тарихи-танымдық фильмнің, «Отырар қорғанысы» және «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдердің тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Анимациялық фильмдердің көшірмелері арнайы дискілерге басылып, барлық балабақшаларға, орта мектептерге, қоғамдық орындарға таратылатын болады. Сонымен қатар, Шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлінің ізденістері нәтижесінде Сайрамнан шыққан 3 Сайрами, Отырардан шыққан 30 Әл-Фараби, Яссыдан шыққан 5 Яссауи ғалымдар туралы мәліметтер анықталып отыр. Түркия, Египет, Иран, Индия, Испания елдерінің кітапханалары мен музейлерінен табылған өңіріміздің XIX ғасырға дейін өмір сүрген ғұлама ғалымдарының 2000-нан астам қолжазбаларының библиографиялық көрсеткіші түзілген, алайда осы күнге дейін ғалымдар өмірі, қолжазбалары зерттелмеген. Осы орайда, өлкеміздің ортағасырлық ғалымдарының еңбектерін қазақ тіліне аудару және жариялау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи мұрасының XYI-ғасырда көшірілген хикметтерінің 100-ден астам қолжазба нұсқасын (бұрын баспа бетін көрмеген) жариялау арқылы түркі дүниесінің рухани тұтастығын қамтамасыз ету көзделіп отыр.