«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 бағытта іске асырылады: 1. «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» жобасы; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» жобасы; 4. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы; 5. «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы; 6. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 03.10.2017
- 03.10.2017, 18:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Мархабаева Жанар 03.10.2017, 17:42, Сұрақ нөмірі: 7333
Елбасының бағдарламалық мақаласын толық оқып шықтым, қоғам, сана, рухани құндылықтар туралы ең өзекті мәселелерді көтерген. Соны ішінде маған қатты ұнағаны білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы туралы айтылған. Бағдарлама аясында білім, тәрбие бағытында қандай шаруалар атқарылуда?
Түркістан облысы 03.October.2017, 17:43
Бағдарлама аясында өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті болып тәрбиеленуі үшін бірқатар жобалар іске асырылуда. «Білім күніне» орай облыстағы 1036 білім беру ұйымдарындағы 640 мыңға жуық оқушылар жаңа оқу жылын «Рухани жаңғыру» атты тақырыпта ашық сабақ өткізумен бастады. «Саналы азамат» жобасы аясында «Жас өнертапқыштар», «Ұлы жаңалыққа – алғашқы қадам» инновациялық идеялар конкурстары, «Үш тілде білім беру», «Оңтүстік таланттары» секілді көптеген жобалар бастау алды. «Айналаға қара» жобасы аясында ауыл балаларын қала өмірімен және қала балаларын ауыл өмірімен таныстыру, мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Бір апта ауылда» және «Бір апта қалада» іс-шарасы өткізіліп, 100-ден астам оқушы қатысты. «Кітапханаларды қайта жаңғырту» жобасы аясында облыстық кітапханаларда кітап қорын ұлғайту мақсатында «Алтын қорға үлес қос» атты акция ұйымдастырылып, жалпы саны 844 кітап қорға тапсырылды. Акцияда 230 адам белсенділік танытты. «Өлкетану» жобасы аясында өңірдің тарихи жерлерімен танысу мақсатында 18000 оқушылар мен студенттердің қасиетті жерлерге саяхаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Өлкетану» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының 1740-1940 жылдардағы тарихы туралы кітап шығарылмақ. Облыстың ғылыми - білім беру ұйымдары ғылыми жобаларға және олардың іс жүзінде іске асырылуына белсенді түрде қатысуда. Облыстың барлық жоғары оқу орындарында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаланың іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілген. Халық әртісі Асанәлі Әшімов, ақын Олжас Сүлейменов, дипломат Қайрат Лама-Шариф, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, дінтанушы Әбсаттар Дербісәлі және тағы басқа қоғам қайраткерлерімен жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында кездесулер өткізілуде.