Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Лепеха Игорь Владимирович жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 02.10.2017, 09:00
  • 06.10.2017, 18:30
  • ҚР ішкі істер министрлігі

АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 05.10.2017, 17:06, Сұрақ нөмірі: 7337

  • 0

Ата-аналар балаларын кешкі той томалаққа апару заңды ма? Құқық бұзушылық болып табылмай ма? Негізінде өз пікірім балаларды тойға апаруға қарсымын.

ҚР Ішкі істер министрлігі 06.October.2017, 15:04

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 442-бабына (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салынады. Аталған құқық бұзушылық орын алған жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қалған жағдайларда кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы құқық бұзушылық болып табылмайды.