Теміржол жолаушылар тасымалының сапасын арттыру

«Темір жол көгінде көрсетілетін жолаушылар тасымалының сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Потлов Дмитрий Владимиров жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 10.10.2017, 09:00
  • 10.10.2017, 18:00
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 10.10.2017, 15:32, Сұрақ нөмірі: 7346

  • 0

Темір жол көлігіндегі көрсетілетін жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бағытында қандай жаңашылдықтар енгізілді? Вагондағы қуат көзі көбінесе ажыратылып, жолаушылар жол серікке 200 теңгеге телефондарын қуаттап алып жатады. Осындай кемшіліктер жойылды ма?

ҚР Көлік министрі 10.October.2017, 19:15

Құрметті МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ! 2017 жылыдан бастап қолданыстағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді. Субсидиялаудың жаңа механизмін енгізу жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға келесідей оң ықпалын тигізді. Бірішіден, бұл вагон паркін жаңарту және жаңа пойыздарды іске қосу. 2017 жылғы барлық әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жиырма жылдық кезеңге тасымалдаушылар анықталды (2017 жылғы дейін тасымалдаушылар тек 3 жылға ғана анықталып келген). Министрлік пен тасымалдаушылардың арасында жасасқан шарттар шеңберінде 30% вагондар паркін жаңарту міндеттемелері қабылданды, бұл 500 вагоннан астам. 2017 жылы аталған міндеттер шеңберінде 16 млрд. теңге көлемінде жеке инвестициялар тартылып, 55 жаңа вагон сатып алынды. Биылдың өзінде Астана-Орал, Алматы-Орал және Астана-Алматы-Алтынкөл, Астана-Шымкент маршруттар бойынша жаңа поездар ашылды. Жұмыстың екінші бағыты бұл, сапаны жақсарту. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап жаңа Жолаушылар тасымалы қағидасы енгізілді. Мәселен, жаңа Қағидада төсек жабдықтарын ұсыну шарттары, электрондық қызмет көрсетуді ұсыну, вагондарды жабдықтау бойынша талаптарды жоғарылату және т.б. жетілдірілген. Біржола, субсидиялау шарттарында жолаушылар тасымалын және поездарда сервистік қызметтерді жоғарылату бойынша шаралар да бекітілген. Мысалы, 2017-2018 жылдарға: - поездың кешігуі жағдайында жолаушыларды хабарландыру жүйесі; - жол жүру құжаттарын сату жүйесінде «күту кестесін» құру; - ұсыныстар мен шағымдарды ұсыну үшін «Call-centre» енгізу; - жолсеріктермен жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізу және т.б. енгізіліп жатыр. Бұдан басқа, жаңа Қағиданың 38-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тегін көрсетілетін міндетті қызметтердің ішінде ұялы телефондарды қуаттау қарастырылған, нәтижесінде қәзіргі уақытта ұялы телефондарды қуаттауға жолсеріктің қосымша ақша талап етуі заңсыз болып табылады.