«Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қадамдары»
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қадамдары» тақырыбында интернет -конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 11.10.2017, 10:00
- 11.10.2017, 16:00
- Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – А. Тохтасунов
АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 10.10.2017, 15:40, Сұрақ нөмірі: 7347
Алматы облысы бойынша екен конференция. Дегенменде осы тақырыпта сұрақ қояйын. 2015 жылы кооператив құрылған, бырақ біз сол кооператив мүшесі екенімізді биыл 2017 жылы біліп жатырмыз. Рұқсатсыз тіркеп жіберген. Енді жұмыс жасап жатырсыздар ма десек , салықты нөлдікпен тапсырып жатырмыз жыл сайын кооператив жұмыс жасамайды дейді. Бырақ әділет басқармасында әлі де тіркеуде тұр кооператив. Сұрақ: Қаншалықты дұрыс айтып отыр? Салықты нөлдік мөлшерде тапсыра ала ма?
Айдаров Мирамбек 11.10.2017, 13:59
жауаптарыныз нақты болды. рақмет
Алматы облысы 11.October.2017, 09:56
Сіздің сұрағыңызды қарастырып келесіні хабарлаймыз. Кооперативтің мүшелігіне еркіңізден тыс кіргеніңіз туралы ақпаратты кооперативті тіркеген әділет органына жүгініп біле аласыз. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексінің 63-бабының 1-тармақшасында көрсетілген. Соған сәйкес, салық есептілігі – салық төлеушінің (салық агентінің) Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты. Сонымен қатар «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының 1-тармағының 4-тармақшасында Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды деп көрсетілген. Осыған орай, кооператив жұмыс жасамаса және көрсеткіштер болмаған кезде салық есептілігі тиісті тор көздері толтырылмаған күйде жіберіледі.