«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 13.10.2017, 10:00
  • 13.10.2017, 17:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Сулейменов Олжас 13.10.2017, 10:57, Сұрақ нөмірі: 7351

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Елбасы Бурабайда облыс әкімдерінің есебін тыңдаған кезде, Сіз Елбасына күріш өндірісінің кейбір мәселелерін, атап айтқанда, Ирандық сорттарды егу және оны Иран нарығына шығару жөнінде баяндағаныңызды теледидардан көрдім. Осы жөнінде тарқатып айтсаңыз.

Қызылорда облысы 13.October.2017, 15:46

Сауалыңызға рахмет! Былтырғы жылдан бастап, Қызылорда облысы мен Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, екі өңір арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бір нәтижесі, Сыр күрішінің экспортық әлеуетін арттыру мақсатында Иранда сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын облыста аудандастыру жұмыстары. Осыған орай, Ирандық сорттарды сынау бағытындағы жұмыстар қолға алынып, үстіміздегі жылы Қармақшы ауданының «Ақтөбе и К» серіктестігінің егіс алқабында, Ирандық «Торем Хошими» сорты 70 гектар алқапқа егілді. Қазіргі кезде шаруашылық аталған күрішті жинауға кірісті. Биылғы жиналған өнімнен 60 тонна ақ күріш Иран Ислам Республикасына шығару бағытында жұмыстар жасалуда. Иранда бұл күріштің әр килограмы 5 АҚШ долларына бағаланады. Сондықтан, алдағы мақсат келесі жылдан бастап, күріш егісі көлемін 1 мың гектарға жеткізу. Ал, 2020 жылға қарай ирандық күріш сортарының егіс көлемін 5 мың гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8 мың тонна ақ күріш өткізу жоспарлануда. Болашақта бұл жобаны кең ауқымды іске асыру мақсатында 21-23 қазан аралығында облыс делегациясы Иранға іс-сапармен барады деп күтілуде.