«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2017, 10:00
- 13.10.2017, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
«Жаңақорған –Өрлеу» Ауылшаруашылық Өндірістік Кооперативі 13.10.2017, 11:56, Сұрақ нөмірі: 7353
Қызылорда облысында өсірілетін қауынның әлеуеті аса жоғары бағаланады.
Кезінде Сыр елінің күрішімен даңқы бірге шыққан бақша дақылдарын қайта түлетуде облыста қандай шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 13.October.2017, 16:00
Дұрыс айтасыз, аймағымызда қауын дақылы егілетіндігі туралы мәліметтер тек Кеңес үкіметі тұсында ғана емес, сонау ХІІ ғасыр жазбаларында да кездеседі. Біздің жердің топырақ және климат жағдайы бақша өсіруге аса қолайлы болып саналады. Сондықтан біздің аға ұрпақ осы құбылысты дұрыс бағалай біліп, бірнеше ғасырдан бері қауын егіп оның игілігін көріп келді. Жергілікті жерде күні бүгінге дейін халық игілігіне пайдаланып келген Әңгелек, Басыбалды, Торлама, Күлябі секілді қауын түрлері Сыр қауынының атағын шартарапқа паш етіп келді. Атап өту қажет, тоқсаныншы жылдары одақ тараған соң, қауынды экспортқа шығаруда қиындықтар туындағаны белгілі. Дегенмен, соңғы жылдары облыста бақша дақылдарын егуге жаңа бетбұрыс жасалынып, бақша дақылын өндірістік негізде өсіруді қолға алуда. Биылғы жылы жергілікті жерде агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін әкімдік қабылдаған арнайы «Агрокартада» бақша өнімдерінің экспорттық әлеуетін жақсарту қарастырылды. Осыған байланысты, облыста экспортқа бағытталған қауын, қарбыз сорттарын өндіріске енгізу жұмыстары қолға алынды (жергілікті сорттар; «Жиенбай», «Мырзашөл». Голландық сорттар; «Амарелло», «Пьел де сапо», «Галия»). Ағымдағы жылы, бақша дақылдарын өндірістік негізде егу көлемін 2,0 мың гектарға жеткізіліп, биыл экспортқа 6,0 мың тоннаға жуық бақша өнімдері шығарылды. Қорыта айтқанда, бақша өнімдерін табысты салаға айналдыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта үнемі назарда болады.