«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2017, 10:00
- 13.10.2017, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Бегентаев Ербол 13.10.2017, 14:27, Сұрақ нөмірі: 7354
«Су - тіршілік көзі» деген халық даналығында сөз бар. Ал егіншілік жүйесі суармалы суға тікелей байланысты біздің облыс үшін суармалы су мәселесі айрықша маңызды. Осыған орай, Сырдария өзенінің сулылығы мен трансшекаралық су пайдалану жөнінде не айтасыз?
Қызылорда облысы 13.October.2017, 16:02
Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациясы кезінде жыл сайын 4 млрд. текше метрден астам көлемде суармалы су пайдаланылады. Еліміздегі жыл сайын суғаруға кететін судың көлемі 26 млрд. текше метр екендігін ескерсек, барлық суармалы су көлемінің төрттен бірі біздің облыстың еншісінде екендігі көрініп тұр. Осыдан барып, облыста суармалы су мәселесінің аса маңыздылығы байқалады. Сондықтан, Сырдария өзеніндегі жағдайды зерттеп отыру, Сырдария өзені арқылы жоғары ағыстан Шардараға түсетін су үнемі менің назарымнан тыс қалған емес. Атап өту қажет, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша салынған «Көксарай» су реттегіші Қызылорда облысына айрықша қызмет атқаруда. «Көксарай» су реттегіші іске қосылған жылдан бастап, облыста бірде - бір гектар егіс судан тапшылық көрген емес. Сонымен қатар, суармалы су тапшылығын болдырмау мақсатында Жаңақорған және Шиелі аудандарында үрмелі су тоспаларын іске қостық. Таяу жылдары дария суын тиімді пайдалану мақсатында, «Күміскеткен» су қоймасын салуды жүзеге асыратын боламыз.