«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Егін жинау науқанының барысы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.10.2017, 10:00
- 13.10.2017, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ермаханов Азиз 13.10.2017, 15:46, Сұрақ нөмірі: 7355
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сыр дихандары соңғы 3-4 жыл көлемінде күріш дақылын 80,0 мың гектардан кем егіп жүрген жоқ. Сонымен қатар жыл санап гектар түсімі де артып, әр гектардан 50 - 55 центнерден өнім алынуда. Биылғы жылы мемлекет тарапынан жасалынған қолдауларды және күріш дақылынан алынатын жалпы өнім көлемін айтып өтсеңіз.
Қызылорда облысы 13.October.2017, 16:24
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіс көлеміне, пайдаланған тұқымына, тыңайтқыштарына, және гербицидтеріне, суармалы су жеткізу қызметтеріне үстіміздегі жылдың өзінде 5,0 млрд. теңге шамасында субсидиялар бөлініп, қазіргі кезде шаруашылықтарға толығымен төленді. Тиісті бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарын тұрақты түрде қолдау жыл сайын жасалынуда. Осыған байланысты,облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып, облыс күрішшілері жоғары репродукциялы тұқымды, тыңайтқыш пен гербицидтерді қажетті көлемде пайдалануға және заманауи ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға мүмкіндік алып, сондай-ақ, суармалы жердің жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқаруда. Осының арқасында, соңғы жылдары облыста күріш өндірісінің көрсеткіштері жақсарып, біздің күрішшілер Ел астығына өздерінің сүбелі үлесін қосып келеді. Биылғы жылы астықтың түсімі жаман емес. Облыста алғаш рет 500,0 мың тоннаның үстінде Сыр салысы жиналады, әр гектардан шығатын өнім көлемі де жоғары деңгейде болады деп күтілуде.