Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы» интернет-конференция

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 17.10.2017, 09:00
  • 17.10.2017, 17:50
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі

Сайбулатова Кульшарван 17.10.2017, 11:23, Сұрақ нөмірі: 7360

  • 0

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға ШҚО кәсіпкерлері қатысады ма?

Шығыс Қазақстан облысы 17.10.2017

Бүгінгі таңда ШҚО қалалары мен аудандарында демеушілер мен меценаттар қаржысы есебінен жалпы сомасы 5,2 млрд.теңгенің 929 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, әлеуметтік нысандарды қайта құру және заманауи құрылғылармен жабдықтау, қалалар мен елдімекенерді абаттандыру, құрылыс жұмыстары. Өңірдің ірі кәсіпорындары «Парыз» қоры арқылы қосымша 4,7 млрд.теңге қаржы бөлді. Облыс орталығында ашылған «Нұрлы жол» саябағының құрылысы ағымдағы жылы іске асырылған ең ірі жобалардың бірі болды.