ҮЕҰ-ға арналған сыйақылар беру конкурсының аралық нәтижелері туралы
«ҮЕҰ-ға арналған сыйақылар беру конкурсының аралық нәтижелері туралы» тақырыбында интернет-конференция. Қолданушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төраймы Ә.Ғалымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 19.10.2017, 15:00
- 19.10.2017, 17:00
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Иманбаев Карим 19.10.2017, 15:10, Сұрақ нөмірі: 7366
ҮЕҰ сыйлықақыларды тағайындау конкурсының нәтижесі қашан болады?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 19.October.2017, 16:10
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министріктің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесінен (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) ұсынымдарды алған күннен бастап сыйлықақыны беру туралы шешімді күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қабылдайды және бұл шешімді Министрліктің интернет-ресурсында (сайтында) 1 желтоқсанға дейін жариялайды. Осылайша, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін Министрлік өзінің интернет-ресурсында (сайтында) сыйлықақыға үміткерлердің тізімін жариялап, жұмыс органының қарауына ұсынды. Дипломдарды табыстау және сыйлықақына тағайындау Министрікпен 20 желтоқсаннан кешіктірмей жүргізіледі.