«100 жаңа оқулықтар»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры – Көбенова Г.І. қатысуымен интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 23.10.2017, 15:00
  • 23.10.2017, 18:00
  • ҚР білім және ғылым министрлігі

Сатаева Жайна 23.10.2017, 16:22, Сұрақ нөмірі: 7392

  • 0

Оқулықтар қалай іріктелді және кім таңдады?

ҚР Оқу-ағарту министрлiгі 23.October.2017, 16:38

Оқулықтарды іріктеп алуда бірнеше талапты ұстандық. Біріншіден, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында қабылданған болуы керек. Екіншіден, кем дегенде үш рет қайта басылып шыққан, яғни уақыт сынынан өткен болуға тиіс. Және, үшіншіден, мазмұны идеологиялық тұрғыдан еліміздің ұстанымдарына қайшы келмеуі керек деген шарт бар. Осы талаптарға сай келетін оқулықтар іріктеліп, оны мемлекеттік комиссия бекітеді. Қазақстанның әр азаматы аударылуға тиіс деп есептеген оқулықты ұсынуына болады. Әр ұсыныс мемлекеттік комиссия назарында болады.