Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуы
«Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының м.а. Б.Ж.Оралмағамбетов жауап береді
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 6
- 26.10.2017, 09:00
- 26.10.2017, 11:00
- ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жумаханова Куралай 26.10.2017, 09:40, Сұрақ нөмірі: 7422
Сәлеметсіз бе! Жерді қашықтықтан зондтау спутнигінің елімізге тигізер оң әсері бар ма?
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 26.October.2017, 10:05
Әрине, Жер серіктерінің пайдалы тұстары өте көп. Құрылған ғарыш жүйелері спутниктік байланыс және Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің каналдары халықтың қажеттілігін қанағаттандыруды, олардың ақпараттық қауіпсіздігін және қызметтер импортын төмендетуін қамтамасыз етеді. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары туралы айтар болсақ, ол жүйе Қазақстан экономикасының түрлі салаларын дамытуда стратегиялық тұрғыда маңызды рөл атқарады. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінсіз мемлекеттік стратегиялық басымдықтар болып табылатын ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика, жердің қойнауы мен бетіндегі байлықтарын пайдалану мәселелерін толыққанды түрде заман ағымына сай шешу қиын. Қашықтықтан түсірілген суреттерден алынған деректер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерге, тау-кендік және геологиялық телімдерге мониторинг жүргізуге, сонымен қатар, Жерді қашықтықтан зондтау деректері әр түрлі жер заңнамасын бұзушылық жағдайдаларын анықтауға мүмкіндік береді. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі экономикалық жағынан аса тиімді болатыны қазірдің өзінде айқын көрініп отыр. Мысалы, табиғи және адам қолымен пайда болатын апаттардың алдын алып, реттеп отыруда ол үлкен көмек. Ғылымның соңғы жетістіктері Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін жер қойнауындағы байлықтарды анықтау үшін пайдалануға болатынын дәлелдеп шықты. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін навигациялық жүйемен қоса пайдалану ауыл шаруашылығына қыруар пайда әкелетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда екі Жерді қашықтықтан зондтау спутнигінен – «KazEOSat-1» (кеңістіктік айыру қабілеті жоғары – 1 м.) және «KazEOSat-2» (кеңістіктік айыру қабілеті орташа – 6,5 м.) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарының орбиталық топтамасы сәтті жұмыс істеп тұр. Олар қазір республикадағы ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология мен табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне тәуелсіз және шұғыл түрде қол жеткізу тұрғысынан еліміздің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.