Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуы

«Қазақстанның ғарыштық қызметінің дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының м.а. Б.Ж.Оралмағамбетов жауап береді

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 6
  • 26.10.2017, 09:00
  • 26.10.2017, 11:00
  • ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Нуркенова Жанна 26.10.2017, 09:52, Сұрақ нөмірі: 7424

  • 0

Сәлеметсіз бе! Қазір орбитада неше қазақстандық Жер серігі бар?

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 26.October.2017, 10:44

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда орбитада 4 отандық Жер серігі жұмыс істейді. Ендігі жылдан бастап олардың қатары тағы екі Жер серігіне артады. Қазақстан ғарыш аппараттарының екі орбиталық топтары құрылған, қосылған және пайдалануға енгізілген. Олар: - «KazSat-2» және «KazSat -3» екі байланыс ғарыш аппараттарының топтамасы; - «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау екі ғарыш аппараттарының топтамасы. Шынайы ғарыштық ұшыру жағдайларында сынақтардан өту үшін отандық жинақтаушы өндірістің шеңберінде ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыштық жүйесі (екі Жер серігі) құрылуда және ол 2018 жылы орбитаға ұшырылатын болады.