Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С. Атағазиева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 06.11.2017, 09:30
- 06.11.2017, 18:30
- ҚР Әділет министрлігі
Тоқсанбаева Жайна 06.11.2017, 16:49, Сұрақ нөмірі: 7446
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»Заңына сәйкес, нақты жылжымайтын мүлік нысаны бойынша қандай тұлғалар ақпарат алуға құқылы белгіленген?
ҚР Әдiлет министрлігі 06.November.2017, 17:22
Құрметті Жайна! «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және: 1) адвокаттардың; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың; 5) нотариустардың, мұрагерлердің; 6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының); 7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының; 8) құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.