Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С. Атағазиева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 06.11.2017, 09:30
- 06.11.2017, 18:30
- ҚР Әділет министрлігі
Тоқсанбаева Жайна 06.11.2017, 16:51, Сұрақ нөмірі: 7447
Заңдық факт басталғаннан кейін қанша уақытта тұлға құқықтарын мемлекеттік тіркеуге тапсыруы керек?
ҚР Әдiлет министрлігі 06.November.2017, 17:18
Құрметті Жайна! Тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес).