Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізілген жаңалықтар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С. Атағазиева жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 06.11.2017, 09:30
- 06.11.2017, 18:30
- ҚР Әділет министрлігі
АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 06.11.2017, 17:31, Сұрақ нөмірі: 7450
Үйдін құжаттары дұрыс емес. Бұрындары әкімшілік қызметкерлері қате жіберген. Енді үйдін құжаттарын дұрыстау үшін қайда жүгінсек болады?
Айдаров Мирамбек 06.11.2017, 17:47
рақмет. жауаптарынызға. мемлекеттік корпарация дегеніміз ХҚКО шығар түсінгенімше?
ҚР Әдiлет министрлігі 06.November.2017, 17:40
Құрметті Мирамбек! Өтініш мазмұнына сәйкес, жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты, яғни жер актісінде қате кеткен. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. Осыған орай құжаттарды сәйкестендіру мақсатында Мемлекеттік корпорациясына жүгінуді ұсынамыз.