Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 21
  • 23.12.2009
  • 24.12.2009
  • Қызылорда облысының әкімшілігі

Ш.Әшімов 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Биыл «Жол картасы» аясында бірқатар шаралар атқарылғанын білеміз. Жақсы жұмыстар жасалынды. 2010 жылы «Жол картасы» аясында қандай бағытта жұмыстар жасалатын болады?

Администратор 24.12.2009

2009 жылғы Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан хылқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын жүзеге асыру жұмыстары аясында «Жол картасы» бойынша біршама ауқымды шаралар атқарылды. Бұл жұмыстар одан әрі келесі жылы да өз жалғасын табады. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 6 млрд. 23 млн.теңге қаржы қаралып отыр. Жол картасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында барлығы 4884 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 3256 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 1628 млн.теңге қаржы қарастырылған. Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 480,0 млн.теңге (яғни 4000 орын) және кадрларды кәсіптік даярлауға 659 млн.теңге қаржы бөлінетін болды. Аймақта аталмыш бағдарлама аясында 4 бағыт бойынша 129 жоба жүзеге асырылып 5291 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Жол картасының» тағы бір тармағы Жастар практикасы жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін мемлекеттік қолдау болып табылады. Мемлекет жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жастар практикасына қатысатын оқу орындары түлектерінің жалақысын 100 % төлейді. Жастар практикасына қатысушыларға және ол жұмыстарды ұйымдастыратын жұмысберушілерге еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру заңнамалары қолданылады. 2010 жылы айлық жалақысы 20,0 мың теңгені құрайды. Жастар практикасымен жұмысқа орналасу үшін кез-келген тұрғын тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласып, өз мамандықтарына сәйкес жолдама алу арқылы жіберілетін болады.