«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 17.11.2017, 10:00
  • 17.11.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Сыздыкова Зухра 17.11.2017, 10:37, Сұрақ нөмірі: 7469

  • 0

Қайырлы күн Қырымбек Елеуұлы! Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында еліміз бойынша қасиетті орындардың тізбесі жасақталуда. Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары Сыр өңірінде де қолға алынғанымен таныспыз. Алдағы уақытта осы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай болмақ?

Қызылорда облысы 17.November.2017, 15:35

Қайырлы күн, Зухра! «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстан бойынша киелі жерлердің жалпыхалықтық және өңірлік маңызы бар тарихи киелі орындар тізімі жасақталуда. Бүгінгі күні республика бойынша таңдалып алынған 100 жалпыхалықтық киелі орындар тізіміне біздің облыстан 12 тарих және мәдениет ескерткіштері енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» орталығымен бірлесіп жұмыс жасаудамыз. Жыл соңына дейін Қазақстанның киелі жерлерінің Картасы жасалып, ескерткіштердің энциклопедиялық жинақтары, ескерткіштердің электронды 3D модельдері жасалатын болады.