«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 17.11.2017, 10:00
- 17.11.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ештаев Мусабек 17.11.2017, 11:00, Сұрақ нөмірі: 7470
Ассалаумағалейкум, Қырымбек Елеуұлы.
Өзіңіз облысымыздың тарихи-мәдени мұра саласына да айрықша көңіл бөліп келесіз. Мен тарихшы-магистрантпын. Бүгінгі күні Сыр елінің бай тарихы туралы газет беттерінен оқып ақпараттар алуыма көп көмегін тигізді. Соңғы жылдары ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарына жүргізілген қазба жұмыстарынан біраз мәліметтер жинадық. Енді, басқа да нысандар қамтылып, әлі сыры ашылмаған тарихи орындар ашылса нұр үстіне нұр болар еді.
Қызылорда облысы 17.November.2017, 15:36
Сауалыңызға рахмет, Мусабек! Мәдени мұра бағдарламасынан бастау алған археологиялық зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Әрбір жылы археологиялық зерттеу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Осы жұмыстардың ауқымы кеңейтіліп, ортағасырлық Сортөбе, Жент қалашығы мен Кердері кесенесіне археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тың тарихи деректер, құнды жәдігерлер табылды. 2017 жылғы қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерден облыстық тарихи-өлкетану музейінде археологиялық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге келіп, танысуға болады. Сонымен қатар, алдағы жылы Қышқала қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл қалашыққа жүргізілген жұмыстар да өз нәтижесін береді деп ойлаймыз.