«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 17.11.2017, 10:00
- 17.11.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Бекенова Айна 17.11.2017, 11:21, Сұрақ нөмірі: 7471
Сәлеметсізбе, Қырымбек Елеуұлы! Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек жандарға қолдау көрсетуге көп мән беріліп отырғаны белгілі. Мәдениет саласында осы мәселеге байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қызылорда облысы 17.November.2017, 15:38
Сәлеметсізбе, Айна! Сауалыңызға рахмет! Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету үнемі басты назарда болуға тиіс. Бұл ретте айта кетсек, биылғы жылы облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға облыстық бюджет қаржысынан дыбыс жазу студиясы алынып, қазіргі таңда еліміздің, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары Брайльша және дыбыстау түрінде басылып шығуда. Бүгінге дейін 10 ақын-жазушының шығармалары дыбысталып, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға ұсынылды. Сондай-ақ, мүгедек балалардың шығармашылықпен айналысуына жол ашу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Жүрек жылуы» байқауы өткізіліп келеді, бұған да бюджет қаржысы бөлініп, өз деңгейінде ұйымдастырылып жүр. Жуырда ғана Санкт-Петербургте өткен мүмкіндігі шектеулі балалардың «Шаг навстречу» атты фестивальге есту қабілеті төмен 4 баламыз қатысып, жүлделі орындарды иемденіп қайтты.