«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 17.11.2017, 10:00
- 17.11.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ашанова Перизат 17.11.2017, 11:35, Сұрақ нөмірі: 7473
Сәлеметсізбе, Қырымбек Елеуұлы! Төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отырғанын білеміз. Осындай игі істердің нәтижесінде кейбір аудандық тарихи-өлкетану музейлеріне жаңа ғимараттар салынғанын да естиміз. Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, көңіл толқытатын жауҺарлы жәдігерлеріміз сақталған Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің қазіргі жай-күйі сын көтермейді. Қазіргі таңда музей ғимараты құлап қалу алдында тұр.
Осыған байланысты біздің де ауданымыздың тарихын танытатын, келешек ұрпаққа насихаттайтын музейге жаңа ғимарат салу немесе басқа ғимаратқа көшірілсе деген ұсыныс бар.
Қызылорда облысы 17.November.2017, 16:24
Сұрағыңыз өте орынды. Музей – ел тарихы мен дүние жүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер. Музей экспозициясына қойылған әрбір экспонаттың астарында еліміздің мұрасы, тарихы, өткен ізі жатыр. Қазіргі заман талабына сай тарихи-рухани құндылықтарға жаңаша көзқараспен қарауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күнге дейін Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында сол ауданның өткені мен бүгінін баяндайтын аудандық өлкетану музейлері бой көтерді. Осындай игі жұмыстың жалғасы Жаңақорған ауданында да қолға алынбақ. Қазіргі таңда, Жаңақорған аудандық музейінің жаңа ғимараты салынатын орынды белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы жылдары Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратын жаңадан салу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.