«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 17.11.2017, 10:00
- 17.11.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Искакова Кундызай 17.11.2017, Сұрақ нөмірі: 7474
Бүкіл түркі әлеміне ортақ ұлы ойшыл, күйші Қорқыт баба мұраларын ЮНЕСКО деңгейіне дейін көтеру жайлы естігенім бар еді. Мүмкін болса осы мәселе туралы айтсаңыз.
Қызылорда облысы 17.November.2017, 15:50
Иә, бұл әрине зиялы қауымды елең еткізерлік мәселе екені рас. Бұл жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында биылғы жылдың ақпан айында Қызылорда қаласында, наурыз айында Алматы қаласында семинар-тренингтер өткізілді. Оған Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан сарапшы мамандар, Халықаралық түркі академиясының өкілдері қатысып, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Конвенция талаптарына сәйкес құжаттамалар топтамасы әзірленіп, деректі фильм түсірілді. Нәтижесінде «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» репрезентативтік тізімге енгізілу үшін ү.ж. 31 наурызында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне (Париж қ.) ұсынылды. Қазіргі міндетіміз – Қорқыт ата мұраларын әлі де терең зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта қыркүйек айында түркі тілдес 10 елдің өкілдерінің қатысуымен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өткізіліп, «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Одан әрі айтар болсақ, Қорқыт мұраларын насихаттау мақсатында «Қорқыт. Қобыз» музыкалық жобасы қолға алынуда, яғни облыстағы мәдениет үйлері мен клубтарда, қобыз аспабында ойнауды меңгерушілерге арналған бірлестіктер мен үйірмелер құрылатын болады.