«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 17.11.2017, 10:00
  • 17.11.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Қазиева Таңшолпан 17.11.2017, Сұрақ нөмірі: 7475

  • 0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы, яғни ұлттық музыкалық өнерімізді алыс-жақын шетелдерге таныстыру бағытында қандай шаралар атқарылуда?

Қызылорда облысы 17.November.2017, 15:59

Сауалыңызға рахмет! Кейінгі 3-4 жыл көлемінде Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру мақсатында облысымыздың кәсіби өнер ұжымдарының гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы Қазақстан мен Әзірбайжан Республикалары арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында және таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай, Әзірбайжан елінде Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Баку және Шеки қалаларында облыс өнер шеберлерінің концерті мен облыстық театрдың спектакльдері әзірбайжан жұртшылығына ұсынылды. Облыстық филармонияның өнер ұжымының қатысуымен Орынбор және Ташкент қалаларында концерттер өткізілді. Осы жылдың қыркүйек айында халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық өнер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.