«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
«Сыр өңірінің мәдени дамуы» бойынша Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 17.11.2017, 10:00
- 17.11.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Әнәпия Мардан 17.11.2017, Сұрақ нөмірі: 7476
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қазіргі таңда Қызылорда қаласының сол жағалауын игеру қолға алынып, құрылыс жұмыстары басталуда. Келешекте осы ауданда қандай мәдени нысандар салынады?
Қызылорда облысы 17.November.2017, 16:16
Сауалыңызға рахмет! Елбасына таныстырылған маңызды жоба Сырдарияның сол жағалауы шығыстық үлгіде жаңғыртылатын болады. Бұл аймақты кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленіп отыр. 11 шағын аудан бой көтермек. Онда бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазЦИК) ғимаратының түпнұсқасы негізінде салынған нысан бой көтеретін болады. Оның ішінде қалалық музей, Рухани жаңғыру орталығы бірге орналасады деп жоспарлап отырмыз.