Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Азамат 25.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жеке кәсіпкер ғимарат тұрғызғанда токтың ішкі және сыртқы техникалық шарттарын дайындауының бектілген мерзімі бар ма? Қанша уақытта оны талап ете аламыз. Атырау жарық мекемесінен ішкі тех. шартын алу үшін 8 ай жүрдік. Осы құжатқа қарап басқа құжаттар жасалмай тұр, құрылыс та тұр. Осы құжатты алудың мерзімін белгілеп, тездетуге болмай ма. Кәсіпкерлерге көп комек болар еді. Әр киловатына 73000 тенге алуы дурыс па?

Администратор 27.07.2008

Техникалық шарттар тұтынушының жазбаша сұранысы бойынша энергиямен жабдықтайтын кәсіпорын бір ай мерзім ішінде беруге тиіс (соның ішінде кәсіпкерге). Атырау облысы акиматының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 293 қаулысы бойынша 1 кВт/сағат қосымша қуатқа жалғау үшін 71158 тенге төлеу керек. Осы талаптарды орындамау қолданыстағы ережелерді бұзу деп есептеледі.