Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті өткеру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті өткеру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Токушев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 06.12.2017, 14:30
- 06.12.2017, 17:30
- Ақтобе облысында мемлекеттік қызмет істер жыне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі
Салетбаев Мирас 06.12.2017, 17:03, Сұрақ нөмірі: 7513
Мен, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетінің 4 курс студентімін. Оқуымды аяқтағаннан кейінмемлекеттік қызметке орналасам ба деген ойым бар.Жоғарғы оқу орнын бітірген, әлі еңбек стажы жоқ азаматтардыңмемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндігі бар ма, осыны білгім келеды. Жалпы мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай талаптар сәйкес болуқажет? Менің біліміммен мемлекеттік қызметке орналасуға қандай мүмкіндіктер бар?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.December.2017, 17:22
Ең бірінші ҚР Мемлекеттік қызметі туралы ҚР Заңының 16-бабына сәйкес жасы 18-ге толған, сыйбайлас жемқорлық қылмыс жасамаған, сот әрекетке қабілеттілігін және лауазым атқару құқығынан шектемеген, алынбаған не өтелмеген соттылығы жоқ, біліктілік талаптарына сәйкес келетін ҚР азаматтары теңдей дәрежеде мемлекеттік қызметке орналаса алады. Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін төменгі лауазымдарға жоғарғы білім болған жағдайда еңбек өтілі талап етілмейді. Еңбек өтілі бойынша талаптары Агенттік Төрағасының 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында көрсетілген. Сонымен қатар, осы үлгілік біліктілік талаптары негізінде, әр мемлекеттік орган өзінің лауазымдарының біліктілік талаптары жинағын бекітеді. Мұнда әр лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес қажетті білімі бойынша талаптары көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік қызметте функционалдық міндеттерге сәйкес кез келген саладағы білімді қажет ететін лауазымдарды табуға болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасу үшін мемлекеттік тілді және ҚР Заңнамаларын білуге арналған тестілеуін тапсырып, шекті мәндерден жоғары көрсеткіш жинау қажет. Мұның қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Мұнымен қоса, жеке қасиеттерін бағалауға арналған автоматтандырылған тестілеуді тапсыру керек. Мұнда шекті мән қарастырылмаған. Тест нәтижесі бойынша қорытынды беріледі. Аталған тестілеуді тапсыру үшін ешқандай шектеу жоқ, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде алдын ала тестілеуге жазылып кез келген азаматтың тапсыруына болады. Сертификат пен қорытынды конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың бірі болып табылады. Мұнымен қатар, бірқатар құжаттар пакеті талап етіледі, атап айтқанда: өтініш; кандидаттың қызметтiк тiзiмі; білімі туралы құжат, еңбек өтілі қажет етілген жағдайда еңбек қызметін растайтын құжат, 086 нысанындағы денсаулығы туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, нарко және психодиспансерлерде есепте тұрмағандығы туралы анықтама.