«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы
Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Абдикулова Ляззат 08.12.2017, 11:25, Сұрақ нөмірі: 7522
2016-2017 жылдары Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Мен Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданы, Түзелбаев көшесінде тұрамын. Осы кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік бар ма?
Түркістан облысы 08.December.2017, 11:35
Шымкент қаласы, Қайтпас-1 шағын ауданында 24 350 халық (5 663 үй) тұрады. Елді мекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан «Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданындағы канализациялық тораптардың құрылысы» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы (2014 жылы 27 қарашадағы №19-1043/14) алынды. Жобаның жалпы құны – 1 190 897,0 мың теңге. Жобалаушы мекеме – «Даулет» ЖШС. Жоба бойынша 82,431 шақырым кәріз жүйелерінің және 18 дана кәріздік сорғы станциясының құрылысы қаралған. Жылдық су бұру көлемі – 1 811,116 мың м3/жыл. Нысан құрылысына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2016 жылға бөлінген 1 151 530,0 мың теңгеге құрылыс – монтаж жұмыстары аяқталуына байланысты, мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2017 жылғы 18 тамыздағы №33 актісімен пайдалануға тапсырылған. Бүгінгі таңда, «Шымкент қаласы, Қайтпас-1 шағын ауданындағы кәріздік жүйенің құрылысы (Түзелбаев көшесіндегі абоненттерді қосу)» нысанының жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2017 жылы 8 тамызда №ЮКПЭ-0133/17 сараптама қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны – 13 492,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын 2018 жылы жүргізу жоспарлануда. Абоненттерді осы кәріз жүйесі арқылы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жоспарлануда.