«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 08.12.2017, 09:00
  • 08.12.2017, 17:00
  • Түркістан облысы әкімдігі

Ташфулатова Гульжан 08.12.2017, 11:29, Сұрақ нөмірі: 7523

  • 0

Сайрам ауданы Қарасу елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін жаңарту жоспарда барма?

Түркістан облысы 08.December.2017, 11:36

Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінде 17 200 халық (4 100 үй) тұрады. Қарасу елді мекенінің ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен, қайта құруды қажет етеді. Осыған байланысты, елді мекеннің ауыз су жүйелерін жаңарту мақсатында мақсатында 2015 жылы Сайрам ауданының әкімдігі тарапынан «ОҚО Сайрам ауданы, Қарасу елді мекенінің су өткізгіштер тораптарның құрылысы» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы (2015 жылы 24 желтоқсандағы №19-0744/15) алынды. Жобаның жалпы құны – 1 018 357,0 мың теңге. Жобалаушы мекеме – «АТ-Сервисплан» ЖШС. Жоба бойынша 161,397 шақырым ауыз су жүйелерінің, 2 дана 700 м3 резервуар және 2 дана сорғы станциясының құрылысы қаралған. Жылдық су тұтыну көлемі – 2 041,87 мың м3/жыл. Нысан құрылысына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2016 жылы 962 458,0 мың теңге бөлініп, құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып-алу жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме – «ГХ Шымкентгаз» ЖШС. Құрылыс – жұмыстарына тапсырыс беруші – «Сайрам тазалық» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2017 жылдың 31 желтоқсаны. Бүгінгі таңда, 700 000,0 мың теңге игерілген. 151,0 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілген.