«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы
Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Мархабаева Жанар 08.12.2017, 11:32, Сұрақ нөмірі: 7525
2016-2017 жылдары Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс мөлтек ауданында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Осы кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік бар ма?
Түркістан облысы 08.December.2017, 11:37
Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс шағын ауданында 17 350 халық (4 035 үй) тұрады. Елді мекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан «Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс мөлтек ауданының канализация тораптарының құрылысы» нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы (2014 жылы 15қарашадағы №19-1002/14) алынды. Жобаның жалпы құны – 507 635,0 мың теңге. Жобалаушы мекеме – «Биік Құрылыс» ЖШС. Жоба бойынша 42,34 шақырым кәріз жүйелерінің және 3 дана кәріздік сорғы станциясының құрылысы қаралған. Жылдық су бұру көлемі – 1 834,125 мың м3/жыл. Нысан құрылысына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2016 жылға бөлінген 485 297,0 мың теңгеге құрылыс – монтаж жұмыстары аяқталуына байланысты, мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі №47 актісімен пайдалануға тапсырылған. Құрылыс – жұмыстарына тапсырыс беруші – «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК. Мердігер мекеме – «Дос и К Сервис» ЖШС. Бүгінгі таңда, «Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы кәріздік жүйенің құрылысы (абоненттерді қосу)» нысанының жобалау – сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2017 жылы 9 тамызда №ЮКПЭ-0135/17 сараптама қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны – 223 471,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын 2018 жылы жүргізу жоспарлануда. Абоненттерді осы кәріз жүйесі арқылы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жоспарлануда.