«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы
Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Мархабаева Жанар 08.12.2017, 11:33, Сұрақ нөмірі: 7526
2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бюджет есебінен кәсіпкерлік нысандарға инфрақұрылым жүйесін тартуға қаражат қаралған ба? Қанша нысанға?
Түркістан облысы 08.December.2017, 11:38
2017 жылы бюджет есебінен 11 кәсіпкерлік нысанға инфрақұрылым жүйелері тартылуда. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1 нысан қаржыландырылады: «Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округіне қарасты ауданның арнайы жер қорынан «ПСК Ак-Мерген» ЖШС-гіне электр желісін жүргізу және электроподстанцияның орнату құрылысы» нысаны. Жобаның құны 133, 961 млн теңге. Нысанның құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, жыл соңында құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады.