Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы

10 айдың қорытындысы

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 08.12.2017, 09:00
  • 08.12.2017, 17:00
  • Түркістан облысы әкімдігі

Ташфулатова Гульжан 08.12.2017, Сұрақ нөмірі: 7527

  • 0

Оңтүстік Қазақстан облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

Түркістан облысы 08.12.2017

Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін әртараптандыру және жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешен мен кәсіпкерлікті дамыту, халықтың кірістерінің өсуіне және жұмыспен қамтылуына жағдай жасау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Даму бағдарламасында 83 нысаналы индикаторлар қарастырылған, оның орындалуына жылына бір рет бағалау жүргізіледі. 2016 жылдың қорытындысымен 64 индикаторларға қол жеткізілді. Даму бағдарламасын 2016 жылы жүзеге асыру қорытындысымен «Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу» бағыты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қызметі 73,31 балмен бағаланып, республикада облыстар арасында 2 орынды иеленді.