Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы

10 айдың қорытындысы

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 08.12.2017, 09:00
  • 08.12.2017, 17:00
  • Түркістан облысы әкімдігі

Ташфулатова Гульжан 08.12.2017, Сұрақ нөмірі: 7528

  • 0

Экономиканың негізгі салаларының бірі өнеркәсіп саласы қалай дамуда?

Түркістан облысы 08.12.2017

2017 жылдың 10 айында облыста 683,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 1,2% артқан. Оның ішінде үлесі 68,4% құрайтын өңдеу өнеркәсібі 4%-ға артып отыр. Жалпы саланы дамыту мақсатында индустрияландыру бағдарламасы аясында облыстағы көптеген өнеркәсіп салалары заманауи құрал-жабдықтармен қайта жарақтандырылды. Облысқа импортталатын кейбір өнімдер өз өңірімізде шығарыла бастады. Атап айтқанда, мотор қозғалтқыш және трансмиссиондық майлар, керамограниттік плиталар, жылтыр МДФ тақтайлар, ПВХ профильдер, су насостары мен дискілік бұрылыс бекітпелер, кілемдер мен кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптер, шұлық бұйымдары сияқты өнімдер. Ал, целлюлоза, мотор майлары, трансформаторлар, металл өнімдері, алюминді және ПВХ профильдерін, ет, май, кілем, мата, дәрі-дәрмек бұйымдарын экспорттау қолға алынды.