Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы
10 айдың қорытындысы
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Мархабаева Жанар 08.12.2017, 15:03, Сұрақ нөмірі: 7529
Облыс экономикасына инвестиция тарту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
Түркістан облысы 08.December.2017, 16:09
2017 жылдың 10 айында негізгі қорға тартылған инвестициялар көлемі 374,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,1 пайызға артқан және республика бойынша бірінші орынға шықтық. Негізгі қорға салынған инвестициялардың едәуір үлесі салалар бойынша өнеркәсіпке (50,8%), қаржыландыру көздері бойынша - меншікті (46,5%) қаражаттарға, кәсіпорындар көлемі бойынша - шағын (57,3%) кәсіпорындарға келеді. Облыста ағымдағы жылы Индустриаландыру бағдарламасы аясында 37 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 3,6 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып, 287 жұмыс орындары құрылды.