Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы

10 айдың қорытындысы

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 08.12.2017, 09:00
  • 08.12.2017, 17:00
  • Түркістан облысы әкімдігі

Мархабаева Жанар 08.12.2017, 15:03, Сұрақ нөмірі: 7530

  • 0

Елбасы бюджет тиімділігін арттыру мақсатында нәтижеге бағытталған бюджеттік саясат құру мәселесін атап өткен болатын. Жалпы облыста бұл бағытында жұмыстар қалай атқаруда?

Түркістан облысы 08.December.2017, 16:10

: Облыс бойынша бюджет көлемі 2017 жылы 22,1 млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы 602,5 млрд. теңгеге жетті. 2017 жылы бюджетте ағымдағы шығындар 476,8 млрд. теңгені (79%), даму бюджетінің шығындары 125,7 млрд. теңгені (21%) құрап отыр. Бюджет шығыстардың басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталды. Ағымдағы бюджеттің құрылымында едәуір бөлігі еңбекақы қорына тиесілі - 46% (189,9 мың шт.бір., 215,5 млрд. тг.), күрделі шығындар (күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық нығайту шығындары) - 8% (36,7 млрд. тг.), басқа - 46%. Даму бюджеті апатты және үш ауысымды, ыңғайластырылған мектептердің мәселесін шешу, ауыз су және табиғи газ, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету басымдықтарына сәйкес жоспарлануда. Ағымдағы жылы 8 апатты, 12 үш ауысымды мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс халқын ауыз су, табиғи газ және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2017 жылы 5 елді мекенге ауыз су құбырын тарту жоспарланып, жалпы ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер санын 615-ге, қамту деңгейін 73,6% жеткізу көзделуде. Газбен 44 елді мекенге ауыз су құбырын тарту жоспарланып, жалпы табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендер санын 344-ге, қамту деңгейін 40,8% жеткізу көзделуде. Сапалы электр қуатымен 85 елді мекен (87 015 адам) қамтылатын болады.