Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы
10 айдың қорытындысы
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Абдикулова Ляззат 08.12.2017, 15:03, Сұрақ нөмірі: 7531
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделіп отыр. Осыған байланысты өзгерістерді атап өтсеңіз.
Түркістан облысы 08.December.2017, 16:11
Жалпы 5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде Казақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделіп отыр. 2018 жылдан бастап 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде ауылдық округ, ауыл, кенттер, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізу жоспарлануда. Облыста 2018 жылдан бастап 175 әкімшілік бірлікте дербес бюджетін енгізу жоспарланса, 2020 жылдан бастап қосымша 6-да енгізу жоспарлануда. 2017 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін, оның ішінде бюджетін әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылу нормалары енгізілді. Дербес бюджеттің кіріс көздері өздерінің кірістерінен, аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар және жоғарғы бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерден құралатын болады. Аудан мәслихаттары жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскен дербес бюджетін бекітіп, ал ауыл әкімі мен оның аппараты бюджетті орындайтын болады. Бұл ретте аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппараттары өздері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін болады. Күтілетін нәтижелері: - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешу үшін нақты қаржылай және материалдық ресурстары берілетін болады; - жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін арттыратын болады.