Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші бойынша 10 айдың қорытындысы
10 айдың қорытындысы
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 08.12.2017, 09:00
- 08.12.2017, 17:00
- Түркістан облысы әкімдігі
Абдикулова Ляззат 08.12.2017, 15:04, Сұрақ нөмірі: 7532
Елбасының ауыл халқының жағдайын көтеру және ауылдық жерлердегі мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі «Дипломмен ауылға» жобасы қалай жүзеге асырылуда?
Түркістан облысы 08.December.2017, 16:12
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласы мамандарына жоба аясында 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 0,01%-бен 15 жылға 1 500 АЕК көлемінде жеңілдетілген бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады. Жалпы жоба іске асырылғаннан бері (2009-2016 жылдары) бюджеттен 4,1 млрд.теңге көлемінде қолдау қаржысы бағытталып, нәтижесінде 4999 маман көтерме жәрдемақымен және 1641 маман баспаналы болды. Ағымдағы жылы 962 маманға 152,8 млн.теңге көтерме жәрдемақы ұсыну, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 021,1 млн.теңге бюджеттік кредит бағытталуда. Нәтижесінде 300 маман баспанаға қол жеткізетін болады.