Әдеп және мемлекеттік қызметшінің тәртіп нормалары
Әдеп және мемлекеттік қызметшілердің тәртіп нормаларын сақтау жөнінде жауап беріледі
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 9
- 12.12.2017, 11:00
- 12.12.2017, 18:00
- БҚО әкімдігі
Шемереко Сергей 12.12.2017, 11:30, Сұрақ нөмірі: 7542
1. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларда аккаунттарды қолдануы бойынша Әдістемелік ұсынымдары әзірленіп, жұмыс барысында пайдалануда. Осы ұсынымдарда мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және оған сенімсіздік тұғызатын фотолар, видео және басқа да материалдарды жариялауға және таратуға тыйым салынған.
Сұрақ: мысалы, мемлекеттік қызметші өзінің үйлену (тұрмыс құру) тойында қымбат көліктің қасында, шақыру билетке суретке түсу немесе ресторанда алкогольсіз бейнеленген фотосуреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастыра алмайды. Осы шектеулердің жоғарыда айтылған Әдістемелік ұсынымдардан бөлек қандай да бір нормативтік-құқықтық негіздемелері бар ма екен? Себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 бабының 1 тармағында «Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» делінген. Аталған фотоларды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін және оған сенімсіздік тұғызатын материалдарға жатқызуға болады ма? Осы мәселе мемлекеттік қызметшілер арасында түсінбеушілік туғызуда.
Батыс Қазақстан облысы 12.December.2017, 16:44
Құрметті Шемереко Сергей! Әдетте, мемлекеттік қызметшілер шектеулер мен тыйым салуларды тек заңнамалық актілерде бекітілген талаптар деп түсінеді. Мәселен, Әдеп кодексінің, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының талаптары (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмау, қызметтік бабын пайдаланбау және т.б.). Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде аккаунттарды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік қызметке сенімсіздік туғызатын фотосуреттер, видео және де басқа материалдарды жариялауға және таратуға тыйым салынады. Сонымен қатар, шектеулер белгілі бір күші бар ішкі құжаттарда (регламенттер, өкімдер) туындауы мүмкін.