Әдеп және мемлекеттік қызметшінің тәртіп нормалары
Әдеп және мемлекеттік қызметшілердің тәртіп нормаларын сақтау жөнінде жауап беріледі
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 9
- 12.12.2017, 11:00
- 12.12.2017, 18:00
- БҚО әкімдігі
Коняева Балым 12.12.2017, 11:36, Сұрақ нөмірі: 7543
2. Жоғары органдар тарапынан мемлекеттік мекеменің қызметтік автокөлігін қызметтен тыс және жеке мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы тапсырмалар берілді. Ауданда осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта және жеке мүддеге пайдалануға тиым салу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөліктеріне мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген үлгіге сәйкес жапсырмалар орнатылды. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп рейдттер ұйымдастырылып келеді. Дейтұрғанымен, мемлекеттік автокөліктермен облыс орталығына, ауыл арасына іс сапарға жиі шығуға тура келеді. Кәзіргі қысқы ауа райын ескере келе және облыс орталығынан біраз қашықтықта орналасқан аудан болғандықтан кей кездері жұмыстан тыс уақыттарда мемлекеттік автокөліктер жол жүргелі жатады. Сұрақ: қызметтік автокөліктерге қатысты рейдттерде осы жағдайларды ескеру мүмкіндігі болады ма? Ол үшін қандай шаралар алыну қажет?
Батыс Қазақстан облысы 12.December.2017, 16:29
Құрметті Коняева Балым! Қызметтік іссапарға шығу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысын басшылыққа алу қажет.