Әдеп және мемлекеттік қызметшінің тәртіп нормалары
Әдеп және мемлекеттік қызметшілердің тәртіп нормаларын сақтау жөнінде жауап беріледі
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 9
- 12.12.2017, 11:00
- 12.12.2017, 18:00
- БҚО әкімдігі
Ишангалиев Кайрат 12.12.2017, Сұрақ нөмірі: 7544
ПІКІР
Мемлекеттік қызметші - қазіргі заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы деген ойдамыз. Қоғамда мемлекеттік қызметші өзін қай жағынан алғанда да үлгілі болуы тиіс. Сондықтан оған мемлекеттік қызметшінің Әдеп Кодексін сақтау, талаптарын орындау деген нұсқаулар беру лайықсыз көрінеді. Мемлекеттік қызметші өзін үйде де, жұмыста да, басқа қоғамдық орындарда да бір қалыпты ұстау оның дағдысына айналу қажет. Айтарымыз, мемлекеттік қызметші өзінің ісімен сыйлата алатын, құрметке лайық, абзал да қарапайым болмысымен мәртебесі биік болғанын қалаймыз. Сонда ғана, қарапайым халықтың мемлекеттік қызметшіге деген сенімі, көзқарасы дұрыс қалыптасады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасуға ұмтылыс жоғарылайды. Себебі бұл қызметке кез-келген емес, білімі мен мәдениеті, парасаты мен кішіпейілділігі үйлесім тапқан тұлға лайық деген ойдамыз.
Сырым аудандық қоғамдық кеңестің төралқасы