Жылыту кезеңінің өту барысы туралы

ҚР Энергетика министрлігінің "Жылыту кезеңінің өту барысы туралы" тақырыбындағы интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 12.03.2018, 09:00
  • 19.03.2018, 09:00
  • Энергетика министрлігі

АЙДАРОВ МИРАМБЕК ЕЛАМАНОВИЧ 14.03.2018, 02:49, Сұрақ нөмірі: 7606

  • 0

Биыл аман-есен қыстан шықтық десекте болады. Энергитика министрі барынша жұмыс атқарды. Жақсы деген баға беремін.

ҚР Энергетика министрлігі 15.March.2018, 15:22

Құрметті, Мейрамбек Еламанұлы! Энергетика министрлігіне берген бағаңыз және пікіріңіз үшін рахмет. Оған қоса өзіңізді күзгі-қысқы жылыту маусымына қатысты қысқаша ақпараттандырып өткенді жөн санап отырмыз. Ағымдағы күзгі-қысқы кезеңі штаттық тәртіпте өтуде. Тұтынушылар орталықтандырылған электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілді. Барлық жылу электр орталықтары және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймақтарындағы қазандықтар температуралық кестесін орындауда. Елдің энергия көздерінде кажетті отын қоры жинақталған. Сонымен қатар, 2017 жылы коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелту 12,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Жалпы көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Энергетика министрлігінде бақылауда, негізгі көмір разрездерінен коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа көмір жөнелтудің әр күндік мониторингісі жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде барлық ірі электр станцияларында және қазандықтарда қажетті көмір қоры жиналған. Электр станциялары үшін нормативтер орындалуда. Өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзырында. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі халық көмірмен толығымен қамтамасыз етілді, ал көмір жөнелту олардың тұрақты бақылауында. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға және халыққа көмірдің негізгі көлемі «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына сәйкес тауар биржалары арқылы сатылады. Халық үшін көмір жөнелту нарығына тиісті мемлекеттік бақылаудың жоқ болуына қатысты, ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша көмірді сату нарығын жетілдіру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігі мәселесін Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика және Инвестициялар және даму министрліктерімен бірігіп пысықталып жатқандығын атап өтеміз, оның ішінде: а) тауар биржалары арқылы көмір сатуды; б) көмір жөнелту – жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ халық үшін көмір жөнелтудің шыңдық кезеңінде экспортты шектеу бөлігіндегі бақылауды күшейту мәселелері. Тұтынушылардың үздіксіз электр және жылу энергиясымен жабдықталуы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің үнемі бақылауында.